Күнбағыс майы қымбаттады

3241
Adyrna.kz Telegram

Күнбағыс майының құны бір жыл ішінде бірден 60 % қымбаттап шыға келген. Қазір, халық жиі тұтынатын тауардың бір литрі дүкен сөрелерінде салыстырмалы түрде 713 теңгеден саудаланып жатыр. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Бірақ, ағымдағы жылдың 7 айында елімізде 93 мың тоннадан астам тазартылмаған күнбағыс майы өндірілсе де баға тұрақталар емес. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш. Айта кетейін биыл 37%-ке артық күнбағыс майы өндірілген.

Ал, ең қымбат баға Түркістан облысында тіркеліпті. Оңтүстікте бұл тауар литріне 773 теңгеге саудаланып жатыр екен.

Пікірлер