Жаңаөзендік «Өрмекші адам» желі қолданушыларын таңдандыруды жалғастыруда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Lada.kz хабарлағандай, бұл жолы жергілікті тұрғын Амандық Молдағұлов еш сақтандырусыз кеңсе үйінің үшінші қабатына көтерілді. Осылайша ол кеңсе ішіндегі кілттерді ұмытып кеткен әріптесіне көмектесті.
https://youtu.be/Y2MrjWaBVuM
Амандық үшінші қабатқа көтерілу
мүлде қиын болмағанын айтты, себебі бұл оның хоббиі, ол бала кезінде «Өрмекші адам» лақап атын алған.
2020 жылы Молдағұлов ешқандай сақтандырусыз туған қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің төртінші қабатындағы терезеге көтерілді.
Новости по теме
"Адырна" ұлттық порталы