Джо БАЙДЕН: Украина жағдайы Ресейге жақсылық алып келмейді

1327
АҚШ президенті Джо Байден Путинмен Женевадағы соңғы кездесуінде "Ресейдің Украинаға қарсы жасап отырған геосаяси ұстанымы жақсылықпен аяқталмайды" деген болатын.
Бұл жайында «Арсенал Отечества» журналының редакторы, әскери эксперт Алексей Леонков өз пікірінде: "Ресейдің Украинаға қатысты ұстанымының соңы жақсылықпен аяқталмайды", - деп түйіндейді.
Қазір Ресейдің күштік құрылымдары мен саяси тұлғалары тарапынан Украинаға түрлі саяси арандату процесстері тағы да басталды. Ал, Украина тарапы өзінің суверенитетін сақтау жолында соңына дейін күресетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Ресейге қатысты процесте ұлттық стратегиялық жоспарларының бәрін дайындап қойғанын айтты.
Әскери сарапшы Алексей Леонков Украина қазір формальді түрде НАТО-ның жағында болғанымен, келешекте НАТО-ның белді мүшесіне айналатынын, өз серіктестерімен тығыз достықта болып, саяси приоритет қалыптастыратынын тілге тиек етті.
Ресей мен Украина арасындағы жер дауы мен саяси жанжал тағы да ушыға бастады. Екі бауырлас ел 2016 жылдан бері ит пен мысықтай кейіпте саяси қарым-қатынасты жалғастырып келеді.
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар