Вакцинация: Брюссель Еуропада көш бастап тұр

1420
Adyrna.kz Telegram

Бельгияда ересек тұрғындардың 70%-ы вирусқа қарсы толықтай егілген деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі мәлімдегендей, Брюссель вакцинация бойынша Еуропада көш бастап тұр.

Бельгияда ересек тұрғындардың 70%-ы вирусқа қарсы толықтай егілді. Бұл шамамен 6,5 миллион адамды құрайды. Ал Валонияда, елдің астанасы мен неміс тілді халық тұратын бөлігінде екпе салдырған ересек тұрғындардың үлесі сәйкесінше 69%, 53% және 68%, Фландрияда 73%-ға жетті.

Бельгияда пандемия кезіндегі жағдайлардың жалпы саны — 1 122 951.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket