Тас көшкінінен 9 турист көз жұмды

2963
Adyrna.kz Telegram

Үндістанның Химачал-Прадеш штатында тас көшкінінен 9 турист көз жұмды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Kaz.tengritravel.kz-ке" сілтеме жасап.

Таудан өрмелеп түскен тастар шаңмен бұрқырап, өзенге және тас жолға құлады. Сондай-ақ сол маңда тұрған көліктерді қираттқан. Тіпті көпірді екіге бөліп жіберген.

Көшкін салдарынан тоғыз турист қаза тапты, тағы үш адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Саяхатшылар Делиден Үндістандағы ең таза ауасымен әйгілі Читкул ауылына барған.

Штат министрі қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты. Апаттың себептері анықталып жатыр.

Болжам бойынша бұл елдегі маусымнан қыркүйекке дейін созылатын жаңбырлы мезгілге байланысты болуы мүмкін.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер