Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

2262
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/2021_06_10_190913001430548a3565232i.jpg
Елімізде 29-31 шілде аралығында ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қазгидрометке сілтеме жасап. Болжам бойынша алдағы үш күнде найзағай ойнайды. 30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі: күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41°C, солтүстік пен шығыста 23-33°C, орталықта 25-37°C жылы болады.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии