Әзірбайжан мен Түркменстаннан Қазақстанға жеткізілген қызанақтардан вирус анықталған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әзірбайжаннан келген өнімдердерді карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде 17 жағдайда Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталған.
Осыған байланысты Комитет тарапынан Әзірбайжан аумағынан қызанақ жемістерін әкелуге шектеу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шара енгізілді.
Заңнамаларды басшылыққа ала отырып және Әзірбайжан республикасының Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттігінен келіп түскен карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің алдын алу бойынша қабылданған және қабылданатын шаралар туралы ақпараты назарға алынып, 2021 жылғы 21 қаңтардан бастап осы шектеу алынып тасталды.
Сондай-ақ, жыл басынан бері Түркменстанның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік қызметінің фитосанитариялық сертификаттарының сүйемелдеуімен Қазақстанға жеткізілетін қызанақтарға карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде «қоңыр әжім» вирусының (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) 19 дерегі анықталған.
Карантиндік объектілердің жүйелі түрде анықталуына және ЕАЭО бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарының бұзылуына байланысты, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті 2021 жылдың 7 маусымынан бастап Түркменстан аумағынан қызанақ пен бұрыш өнімдерін әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізді.
"Адырна" ұлттық порталы.