Ақтөбелікті 14 млн теңгеге алдап кеткен

2869
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/e3fe9840-06cd-4e59-aa06-49cf9df3b1c4.jpeg
Ақтөбелікті 14 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ анықталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Ақтөбе қаласының 31 жастағы әйел адам 40 жастағы ер адамнан ортақ тұрғын үй сатып алу үшін 14 миллион теңге ақшасын алған. Кейін бір ай бойы әйел адам хабарсыз кеткендіктен, жәбірленуші полицияға жүгінді»,— делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии