Ауғанстанда коменданттық сағат енгізілді

3161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/komment.jpeg
Ауғанстанның Ішкі істер министрлігі тәлібтер тарапынан қауіпсіздік қатері күшейіп кетпеу үшін елдегі 34 провинцияның 31-іне  коменданттық сағат енгізілгенін мәлімдеген деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Anadolu" басылымына сілтеме жасап.
Коменданттық сағат түнгі 22.00-ден 4.00-ге дейін күшіне енеді.
«Шешімнің ел астанасы — Кабулға, сондай-ақ Нангархар және Панджшер провинцияларына қатысы жоқ. Коменданттық сағат тәліптердің түнгі шабуылдарының алдын алу үшін енгізілді, өйткені шабуылдардың көпшілігі түнде болады», - деді Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысының орынбасары Ахмет Зия Зия. Ол бұл шешімнің уақытша шара екенін айтып, азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.  

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии