Маңғыстау облысында 6 ауыл мен 4 ауылдық округте сайлау басталды

3252
Adyrna.kz Telegram

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, бүгін, 2021 жылы 25 шілдеде Маңғыстау облысындағы 6 ауыл мен 4 ауылдық округте әкімдерді сайлау басталды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының дерегіне сүйенсек, облыста Бейнеу ауданында Сарга, Есет, Төлеп ауылдарында және Сам ауылдық округінде, Қарақиян ауданында Құланды ауылдық округінде,
Маңғыстау ауданында Жармыш, Қызан ауылдарында және Онды мен Тұщықұдық ауылдық округтерінде,
Түпқараған ауданында Ақшұқыр ауылында сайлау өтуде.

Сайлауға барлығы 10 сайлау округі қатысады, оларда 14 сайлау учаскелері және 14144 сайлаушылар бар. 10 округ бойынша 25 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді (5 округте 2 кандидаттан, 5 округте - 3 кандидаттан).

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 25 шілдеде жергілікті уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 6 ауылдарда, 4 ауылдық округтерде 14 сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де және сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 21.00-де ұсынылатын болады.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер