Дәмі тіл үйірер шие тосабын дайындау үшін, сізге бар болғаны екі-ақ ингредиент қажет. Бұл шие мен қант. Ал қыстыгүні еш қиындықсыз дайындалған дәмді тосап жеу үшін, "Адырна" порталының мына мақаласын толық оқыңыз.
1-ҚАДАМ:
Піскен шиені зақымдаусыз және бүлдірмей таңдап алыңыз. Шиелерді теріп алған соң, бұтақтары мен жапырақтарынан тазалаңыз. Міндетті түрде жақсылап жуыңыз. Қалауыңызға қарай шиеден сүйектерін алып тастаңыз. Пайдалы кеңес: сарымсақ тазалығышты, шие сүйегін тазалауға пайдаланыңыз.
2-ҚАДАМ:
Сүйегі жоқ шиені тосап қайнататын ыдысқа салыңыз. Бұл эмаль ыдыс немесе шыны ыдыс болуы мүмкін. Тек жидек шырынында тотығу реакциясы жүрмеуі үшін алюминий ыдысын қолданбаңыз. Шиеге қант себіңіз де, қантты жидектер арасында бөлу үшін аздап шайқаңыз. Барлық қантты бірден қоспаңыз. Пісіру кезінде тосаптың дәмін татып, қажет болса көбірек қосыңыз.
3-ҚАДАМ:
Жидектер салынған ыдыстың қақпағын жауып, жидектерден шырын шығуы үшін бірнеше сағатқа қалдырыңыз. Содан кейін ыдысты отқа қойыңыз, арасында араластырып отырыңыз. Қайнаған кезде көбік пайда болады - оны алып тастау керек. Тосапты баяу отта 5 минут пісіріңіз. Жидектерді пісіру кезінде жидектер мөлшері аздап азаяды.
4-ҚАДАМ:
Тосап құйылатын банкаларды жақсылап жуып шайыңыз. Содан кейін өзіңіз қалағандай зарарсыздандырыңыз. Оны микротолқынды пеште, пеште немесе қайнаған суда зарарсыздандыруға болады. Банкалардың қақпақтарын да зарарсыздандыруды ұмытпаңыз.
5-ҚАДАМ:
Дайын банкаларға қайнаған джемді құйып, қақпақтармен жабыңыз.
6-ҚАДАМ:
Тосап банкаларын аударып, тығыздығын тексеріңіз. Абай болыңыз! Банкалар өте ыстық! Төңкеріп, банкаларды жылы көрпемен орап, толығымен салқындатыңыз. Тосапты мүмкіндігінше баяу суыту керек. Сонда ғана бұл тиімдірек болады.
7-ҚАДАм:
Тосаптың салқындатылған банкаларын сақтау үшін салқын жерге қойыңыз.
Қыс мезгіліндегі тәтті тосаптың рақатын көріңіз! Ас болсын!
"Адырна" ұлттық порталы