Құдайдың көзі: 30 мың қазақстандықтың жеке мәліметі тарап кетті

2440
Adyrna.kz Telegram

Компьютер арқылы болатын жағдайларға қарымта жауап беретін KZ-CERT телеграмдағы бір арнадан 744 мың жеке тұлғаларға қатысты мәліметтердің барын анықтаған.  Ақпарат қазақстандық сегменттің интернеттегі қауіпсіздігін мониторингтеу барысында  белгілі болған. 

Тексеріс барысында азаматтардың  ID нөмірі, аты мен тегі, телефон нөмірі мен өзі жайлы жеке мәліметтерінің ашық қолданымға шығып кеткені анықталды. 744 мың аккаунттың 30 мыңы Қазақстанда тіркелген.

"Құдайдың көзі" деп аталатын телеграм арнасында ТМД аймағындағы тұрғындардың жеке мәліметтері туралы ақпарат алуға болатын қылмыстар жасалған. Бүгінде аталмыш телеграм каналдың үстінен Ресейде қылмыстық іс қозғалып, арна бұғатталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер