Шыңғыс Айтматов – Қырғызстан мен Қазақстанның халық жазушысы. Жазушының қабірін белгісіз біреулер бүлдіріп кеткен. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы хабарлайды.
Қырғыз тележүргізуші Ассоль Молдокматова Instagram-дағы өз парақшасында барлығы жазушының баласының жеке қаражатына жасалғанын айтты.
– Асқар Айтматов кәсіби мамандармен бірге ақылдаса отырып, бірыңғай архитектуралық жобаны мұқият ойластырды. Мұның барлығы жазушының баласының жеке қаражатына жасалды. Ол әкесіне деген баланың құрмет белгісі. Қараңыздар, енді түндік жоқ. Біз кешірім сұрап, жедел түрде жөндеп, түндікті қалпына келтіруіміз керек, – деп жазды Ассоль Молдокматова.