2020 жылы Еуразиялық Одақ аясындағы мемлекеттер командалық спорт түрлерінде еркін ойнауға заңды түрде мүмкіндік алып, "легионер" саналмайтын болды. Бұл Қазақстан футболына қалай әсер етті? ⠀
Еуразиялық Одақта легионер ұғымын алып тастағанға дейінгі сәт
2019 жыл | Легионер саны |
Сербия | 17 |
Украина | 10 |
Хорватия | 9 |
Беларусь | 7 |
Ресей | 5 |
Армения | 3 |
Қырғызстан | 0 |
2019 жылы ел чемпионатында ұшып кете жаздаған (9-орын) Қарағандының "Шахтер" клубы сапында бірде бір Еуразиялық Одақ аясындағы ойыншылар тіркелмеген еді.
Легионер саналмаған жыл
2020 жыл | Легионер саны |
Ресей | 24 |
Сербия | 16 |
Беларусь | 12 |
Армения | 6 |
Қырғызстан | 1 |
2020 жылы аталмыш клуб Еуразиялық Одақтағы 7 футболшымен келісім-шарт жасасты. Алаң сапында легионер саналмағандықтан, "Шахтер" отандық футболшыларға сенім артпай, өзге елдің футболшыларымен маусымды сенсациялық 4-орынмен аяқтады. Нәтижесінде биыл олар Конференция лигасында доп тебеді.
2021 жыл | Легионер саны |
Ресей | 22 |
Сербия | 16 |
Украина | 10 |
Беларусь | 8 |
Армения | 6 |
Қырғызстан | 2 |
2021 жылы шетелдік футболшыларымен маусымды сәтті өткізіп жатқан (6-орын) клубтың бірі - "Қызылжар". Егер соңғы ойындардың статистикасына көз жүгіртсеңіз, "Қызылжар" тек 2 ғана отандық футболшының көмегіне жүгінген.
Али Суюмагомбетов (Қазақ футболының ардагері):
Еуразиялық одақтан келетін футболшылар Қазақстан чемпионатының сапасын көтерді деп айта алмаймын. Көп жағдайда өз елінде мансабын жалғастыра алмаған футболшылар Қазақстанға келіп, доп тебуде. Барлығы демеймін. Бірақ 60-70% футболшыларға жоғары жалақы төлегенше, еліміздегі жас футболшыларға мүмкіндік бергенін жөн деп санаймын.
Transfermarkt.ru сайтына жүгінсек, ресейлік футболшылар ең көп доп тебетін чемпионаттың қатарына Қазақстан кіреді.
- Германия - 173
- Эстония - 85
- Беларусь - 57
- Армения - 26
- Қазақстан - 24
Қазақ футболшыларына енді жол ашылады деген мамандардың сөзі шындыққа қатты жанаспады. Футболшыларымыз шетел тұрмақ, көрші Ресей чемпионатында жарытып доп тебе алмады... ⠀
2018-2019 жыл: ⠀
Ресей чемпионаты. ⠀
2 футболшы⠀
Бақтияр Зайнутдинов (Ростов) - 10 ойын. ⠀
Еркебұлан Сейдахмет (Уфа) - 1 ойын. ⠀
2019-2020 жыл. ⠀
3 футболшы. ⠀
Бақтияр Зайнутдинов (Ростов) - 17 ойын. ⠀
Исламбек Қуат (Оренбург) - 3 ойын. ⠀
Акмал Бахтияров (Сочи) - 2 ойын. ⠀
2020-2021 жыл. ⠀
6 ойыншы⠀
Бақтияр Зайнутдинов (ЦСКА) - 22 ойын. ⠀
Марат Быстров (Ахмат) - 22 ойын. ⠀
Исламбек Қуат (Химки) - 6 ойын. ⠀
Алексей Щеткин (Ротор) - 5 ойын.⠀
Дмитрий Шомко (Ротор) - 4 ойын⠀
Акмал Бахтияров (Сочи) - 1 ойын. 7 минут қана ойнаған.⠀
Дәл қазіргі сәт:⠀
- Акмал Бахтияров Армения чемпионатында "Ноа" клубы сапында 11 ойын өткізіп, Ресейдің дивизионындағы (ФНЛ) "Долгопрудный" клубына ауысты.⠀
- Дмитрий Шомко - "Ротор" клубы Ресейдің жоғары лигасынан ұшқаннан соң, "Ақтөбе" сапына ауысты.⠀
- Исламбек Қуат "Химки" сапында көп тұрақтамай, ел чемпионатындағы "Астана" клубымен келісім-шарт жасасты.
Еуразиялық Одақ аясындағы футболдағы өзгеріс қазақ футболына оң өзгеріс берді ме әлде артқа кетіруде ме? Шешім өзіңізде!
Қанат БАЙҰЗАҚОВ,
"Адырна" ұлттық порталы