Футбол ойынынан жолдастық кездесу өтті

3458
Adyrna.kz Telegram

2021 жылдың 18-ші маусымында  Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Интернаттан кейінгі және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу және қолдау» жобасы аясында игі шара өтті.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында Кәсіптік-техникалық колледжінің базасында «Сервис және туризм колледжі» және «Кәсіптік-техникалық колледжі» арасында жолдастық кездесу болды. Матчтағы ойыншылардың жалпы саны 16 адамды құрады. Бұл кезінде жасыл алаңның көрігін қыздырған  колледж оқушылары.

Бір кездері бір-біріне қарсы ойнаған ойыншылар бүгін өз мүмкіндіктерін тағы сынап көруде. Бірақ, бұл жолғы кездесудің жөні бөлек. Себебі, бұрындары тек жеңіске жету үшін алаңға шықса, бүгін екі команда достықты дәріптеп, доп тепті. Сонымен қатар, жақсы ойын өрнегін көрсетіп «сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейтінін» аңғартты.

Спорттық шара соңында бас жүлде алған жеңімпаз команда «Кубок пен сертификатпен» марапатталды. Белсенді қатысқан жігіттерге 5 мадақтау кубогы, 5 медаль, 5 сертификат және «Үздік ойыншы» дипломы табысталды. Алғыс ретінде әр команданың жаттықтырушыларына 2 доп берілді.

Футбол бұл досытықты насихаттайтын ойын. Сонымен қатар командалық ауызбіршілікті де көрсетеді. Сондықтан бұл жолдастық кездесу тек бәсеке ғана емес достық байланысты арттырады деп сенеміз.

 

Чебатарев Леонид

Кәсіптік техникалық колледжінің студенті

Пікірлер