Президент тапсырмасы: Жас ғалымдарға 1000 грант бөлінді

3334
Adyrna.kz Telegram

«Жас ғалым» жобасы аясында 1000 жам маманға грант бөлу үшін 3 млрд теңге бөлінетін болды, деп "Адырна" ұлттық порталы Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ғылым саласын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. «Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын», - деген болатын Президент.

Берік Уәлидің дерегі бойынша, бүгінде аталған екі тапсырма да орындалып отыр.

«Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағлымдамадан өту үшін ғалымдарға бөлінген 500 грантты, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарға арналған 1000 грантты қаржыландыру механизмдері анықталды. Ғалымдарға тағлымдамадан өтуге бөлінген 500 грантты қаржыландыру үшін 1,35 млрд теңге көлемінде бюджеттік өтінім қабылданды», - деп жазылған Президенттің баспасөз хатшысы ұсынған мәліметте.

Сондай-ақ, тағлымдамадан өту ережелері пысықталып, үміткерлерді іріктеудің талаптары әзірлені, тағылмдамадан өткісі келетін 1000 жас ғалымның мәліметтер қоры жасақталғаны да айтылған Ал «Жас ғалым» жобасы аясында байқауды қаржыландыруға 3 млрд теңге бөлу мақұлданған.

Ақпарат inform.kz сайтынан алынды

Пікірлер