Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкентте медицина саласына қосқан үлесі үшін 22 медицина маманы марапатталды. Олардың қатарында бас дәрігерден бастап қарапайым мейіргерге дейін бар.
Сонымен, Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталғандар:
1. Асилбекова Айгуль Касымбековна - №2 Қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері
2. Токтарбайкызы Камила - №10 Қалалық емхананың аға медбикесі
3. Сариева Фаруза Омановна - №13 Қалалық емхананың аға медбикесі
4. Умиртаева Гульмира Арынтаевна - «Интертич» медицина орталығының отбасылық дәрігері
5. Мамиева Айдынкуль Килибаевна - «Дау-Мед» медицина орталығының эпидемиолог-дәрігері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен:
1. Есполғанова Қаршыға Зұлбыхарқызы - «Шымкент жүрек орталығының» кардиология бөлімшесінің медбикесі
2. Сабиркулов Даниёр Абдимажитович - Жедел жәрдем көрсету станциясының фельдшері
3. Абдрашова Гүлпарида Шойынбайқызы- «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының аға медбикесі
4. Тоғусбаева Салтанат Әзімқызы - «Ана мен бала» оңалту орталығының дәрігер-педиатры
5. Жұмағұлов Келесбай Боранбайұлы - Санитариялық-эпидемиологиялық саласының ардагері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен:
1. Сарбасова Мария Ермаханқызы - №6 Қалалық емхананың фельдшері
2. Сулейменова Жақсыкүл - №2 Қалалық ауруханасының сарапшы дәрігері
3. Гавриков Валерий Иванович - №3 Қалалық ауруханасының перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі
4. Оспанова Ақнұр Аманжолқызы - №5 Қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері
5. Оспанов Қайратжан Қадырбекұлы - №12 Қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары
6. Серік Ерлан Серікұлы - Қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары
7. Жұмадилова Динара Ағаділқызы - Қалалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері
8. Тұрымбетова Айгуль Мелесовна - Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен:
1. Тойболова Нұрипа Әбілдақызы - «Мейірім» оңалту орталығының медбикесі
2. Жұманов Рысхан Күнтуғанұлы - Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының реаниматолог дәрігері
3. Астанаева Жайнар Орынбасарқызы - Қалалық қан орталығы директорының орынбасары
4. Сапаргалиева Айгүл Октябрьқызы - №2 Оңалту орталығының бас дәрігері
5. Қалдыбекова Бейсенкүл Мұтажбекқызы - Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі