«IT Start» жазғы академиясының ашылуы

262

2021 жылдың 14 маусымда Қостанайда «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты базасында «IT Start» жазғы академиясының ашылуы өтті. 

Ашылу салтанатында мектеп директоры Раисов Рамазан Елеусизович, «Білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру әдістемелік орталығы» КММ директорының орынбасары Уакбаев Жанат Жанайдаович сөз сөйледі.

Бірінші тақырыптық ауысым барысында Қостанай облысының 18 оқушысы мен 6 педагогы оқудан өтеді. Жазғы академияның тақырыптық ауысымының мазмұнды бағдарламасына «Роботты техника және бағдарламалау», «Олимпиадалық бағдарламалау», «Веб-дизайн және әзірлеу», «3D-модельдеу» бейіндік-сыныптарында оқыту, бос уақыт бағдарламасы: тренингтер, конкурстар, флеш-мобтар, көңілді старттар жатады.

Белсенді қатысушылар жұмыс күнінің соңында имидждік белгілермен, магниттермен, дипломдармен марапатталады. Бейіндік-сынып жеңімпаздарды сыйлықтар күтеді: брендтік қалпақшалар, жазғы академия күрішкелері. Жазғы академияның барлық қатысушылары сыйлыққа имидждік дәптерлер мен қаламдар алды. 

Тақырыптық ауысымның қорытындысы бойынша «IT Start» жазғы академиясының бірінші тақырыптық ауысымының ең белсенді командасы атап өтіледі.

Пікірлер
Редакция таңдауы