Қазақстанның мәдениеті, салт-дәстүрі мен өнері Африкада танытылады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Конго Демократиялық Республикасы және Африка Одағымен Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Енді түбі бір түркі елдерінің тарихын Африка материгі танитын болды. Конгоның Мәдениет,мсөнер және мирас министрі Кэтрин Катунгу Фурахтың айтуынша бұл құжат мәдениет, өнер және академиялық зерттеулер саласында ортақ жұмыстар атқарып, жақындасуға мүмкіндік береді.
“Түркі халықтарының мұраларымен танысатынымызға қуаныштымын”, - деді ол.
Сондай-ақ ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов халықаралық түркі мәдениеті ынтымақастығы ұйымының жобаларына африкалық өнерпаздар мен ғалымдардың мүше ретінде қатысатындарына қуанышты екенін жеткізді. Сапар барысында, ТҮРКСОЙ ұйымыалғашқы шара ретінде Юнус Эмренің көрмесін өткізді.