«Мама, рөлге неге отырдың?»: Желіде жол апатының видеосы тарады

8534
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Ақмола облысындағы тас жолда болған жол апатының видеосы жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

48 жастағы әйел рөлге ие бола алмай, аударылып қалған. Бейнежазбадан «Анашым, рөлге неге отырдың?» деп айқайлаған кішкентай қыздың даусын естуге болады.

Ақмола облыстық полиция департаменті оқиғаның 6 шілде күні сағат 13:46-да "Нұр-Сұлтан-Петропавл" автожолында болғанын мәлімдеді.

Көлік ішінде болған 9 жасар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жақ сүйегі, ал оның анасы кеуде тұсынан жарақат алған.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Самое интересное в РК и мире (@top_bestseller_kz)

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер