Жаңа антирекорд: Ресейде коронавирус қайта өршіді

2475
Adyrna.kz Telegram

Соңғы тәулікте Ресейде коронавирустық инфекцияның 25 142 жаңа жағдайы анықталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі таңда вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 5 610 941-ге жеткен.

Ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Мәскеуден. Одан кейін Санкт-Петербург қаласы көш бастап тұр. Соңғы тәулікте Ресейде ауруға осыған дейін шалдыққандар арасында 663 өлім тіркелді.

Жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, елде диагнозы расталған 137 925 адам қайтыс болған.

«Адырна ұлттық порталы

Пікірлер