Солтүстік Калифорния штатының Окленд қаласындағы америкалық хайуанаттар бағында жануарларды коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды, деп хабарлайлы «Адырна» тілшісі.
Екпені бірінші болып вирусты жұқтыру қаупі жоғары топтағы жануарлар алды. Олардың ішінде жолбарыстар, қара аюлар мен тау арыстандары бар.
«Біз осы вакцинаның көмегімен хайуанаттарды қорғай алатынымызға қуаныштымыз»,— деді Окленд хайуанаттар бағындағы ветеринарлық қызметтің вице-президенті, дәрігер Алекс Герман.
Эксперименталды препаратты Zoetis компаниясы әзірлеген.
Айта кетейік, қазіргі таңда бұл вакцинаның 11 мыңнан астам дозасы өндірілді.
«Адырна» ұлттық порталы