Жапонияда көшкін болып, 20 адам жоғалып кеткен

2639
Adyrna.kz Telegram

Жапонияның Амами қаласында (Сидзуока префектурасы) жаппай көшкін болып, адамдар жоғалған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Киодо" агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жергілікті уақыт бойынша таңғы 10.00-де болған. Көшкін салдарынан кем дегенде 20 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары басталған. Жергілікті әкімшілік адамдарды іздеуде. Олар Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінен көмек сұрады.

Қазіргі таңда қалалық өнер мұражайында уақытша тұру орталығы ашылған. Соңғы мәліметтер бойынша, қазірдің өзінде онда 14 адам эвакуацияланған.

Соңғы күндері Сидзуока префектурасында қатты жаңбыр жауып тұрды. Метеорологтардың айтуынша, соңғы 48 сағат ішінде ол жерде кемінде 300 миллиметр жауын-шашын түскен.

Премьер-министр Ёсихидэ Суга осы мәселе бойынша апаттарды басқару министрі Ясуфуми Танахашимен кездесу өткізді.

Үкімет басшысының резиденциясында апат салдарын жою жөніндегі штаб құрылды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер