Суреттен бірінші нені көрдіңіз?

3507
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/bes.png
Көзіңізге бірінші болып түскен дүние қай салада жұмыс істеу керектігіңіз туралы айтпақ. Бассүйек Бассүйекті көрген болсаңыз, бұл сіздің шығармашылықпен айналысатын адам екеніңізді көрсетеді. Сізге арналған мамандықтар: суретші, биші, әнші, жазушы, сурет мұғалімі. Карта Суреттен бірінші картаны көрсеңіз, аналитикалық ойлауды қолданатын мамандықты таңдауыңыз керек. Инженер, ғалым немесе сәулетші бола аласыз. Күрделі мәселелерді шешу қолыңыздан келеді. Мамандықтар: заңгер, салық инспекторы, математик. Ұлу Егер көзіңіз, ең алдымен, ұлуға түссе, адамдармен қарым-қатынас жасау үшін көп уақытты қажет ететін жұмыспен айналысуыңыз керек. Сіздің тапқырлығыңыз бен адамдармен сөйлесе алу қабілетіңізді пайдалануға мүмкіндік беретін кез келген жұмыс сізге арналған. Сізге арналған мамандық: мұғалім, кеңсе әкімшісі, әлеуметтік қызметкер, автобус жүргізушісі.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии