Кері байланыс
+7 707 676 6977
adyrnaportal@gmail.com

Балғынбек Имашев 500 баспана сыйламақ

8594
Adyrna.kz Telegram

Бүгін айтыскер ақын Балғынбек Имашев өзінің Instagram парақшасында вакцина алмағандарға баспана сыйлайтынын жазды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

“Көп адамдар жекеме хат жазып мәжбүрлі, міндетті вакцинация туралы неге жазбайсыз дейді…

Мәжбүрлі вакцинацияға қарсы мен ештеңе жасай алмаймын! Өйткені, оның жарнамасы да, ұялы телефон, ақша, көлік, тіпті, пәтер тігіп елді тарту, қызықтыру, қала берді қорқыту, міндеттеу, қоқан-лоққы жасау сияқты түрлі насихаты мен нақты әрекеттері жаппай белең алып кетті. Бірақ мен де қарап жатпайын, қайырымдылық қорын ашайын! Қазағым үшін әрекет етейін! Алла бұйыртса, ұтыс жариялаймын!
Вакцина алмағандар үшін! Алыңдар деп желіге салмағандар үшін!
Балғынбектен 500 баспана! Бес емес, бес жүз!
Ұтыстың шарттарын алдағы уақытта жариялаймын!" – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Айта кету керек, айтыскер ақын бұған дейін де екпеге байланысты өзінің пікірін айтқан болатын.

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер