Ташкентте өткен өзбек-түрік бизнес форумы аясында жалпы құны 679 миллион долларды құрайтын 25 құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы мәлімдейді.
«Форумның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 679 миллион долларды құрайтын 25 құжатқа қол қойылды, оның ішінде 514,7 миллион долларлық 10 инвестициялық жобаны және 165,2 миллион долларға 15 сауда келісімшартын іске асыру туралы», - делінген хабарламада.
Форум бір күн бұрын, 28 маусымда өтті. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Сардор Умурзаков пен Түркияның вице-президенті Фуат Октай, көптеген ресми тұлғалар, сондай-ақ екі елдің 250-ден астам бизнес өкілдері қатысты.
Форумға қатысушылар Өзбекстандағы кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық ахуал, салық реформалары туралы әңгімеледі. Екі елдің делегация басшылары бизнес өкілдерін белсенді ынтымақтастыққа шақырды.