Елімізде 1,8 мың адам КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген

2411
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда 4,5 мыңнан астам адамның құжатсыз жүргені анықталды. Бұл туралы ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Қазақстанда құжатсыз жүрген 4 686 адам анықталды. Олар негізінен Алматы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарында тұрған. Бүгінде құжатсыз осы азаматтардың 3 408-не жеке куәлік берілді. Ал қалған 1 278 адамды құжаттандыру жұмысы жүріп жатыр», - деді ІІМ өкілі.

Сабыржан Сейтжановтың айтуынша, 1 797 адамның КСРО-ның қызыл паспортымен жүргені белгілі болған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер