33 теңге: бұл не мазақ?

3017
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде 1414 бірыңғай байланыс орталығынан төлем тағайындалғаны туралы хабарлама алған зейнеткер 33 теңге төлем алатын болды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Нелли есімді зейнеткерге 1414 бірыңғай байланыс нөмірі арқылы халыққа қызмет көрсету орталығынан өзіне төлем тағайындалғаны туралы смс келген. Кейін ол халыққа қызмет көрсету орталығына барған кезінде әлгі төлем мөлшері небәрі 33 теңге тұратынын білген.

"Мен Түргенев бойында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Ол жерде маған банкке барып, шот нөмірін алуды өтінді. Банкке барып қайта келдім. Алайда бірде-бір қызметкер бұдан әрі не істеу керектігін түсіндіре алмады. Келесі күні келіңіз деді. Келесі күні бардым. Бір терезеден екінші терезеге жүгіртті. 2-қабаттағы №9-кабинетке жіберді. Өтініш толтырғаннан кейін маған тағайындалған төлем 33 теңгені құрайтынын айтты. Мен не жыларымды не күлерімді білмедім. Екі күнде жолыма 1000 теңгеден астам ақша жұмсадым. Бұл не мазақ? Оның үстіне 33 теңгені тек шілде айында ғана аламын", - дейді зейнеткер.

Халыққа қызмет көрсету орталығы мұндай төлем БЖЗҚ арқылы жүзеге асырылатынын, зейнеткерге 33,19 теңге тағайындалғанын жеткізді.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер