2021 жылы саяхатты брондау үшін нені ескеру керек?

3404
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Пандемияға байланысты рейстерді тоқтату мен кешіктіру жиі құбылыс болды. Себебі, тасымалдаушылар үкіметтің жаңа шектеулеріне, шекаралардың жабылуына және нақты сұранысқа бейімделуде.

Икемді тарифтерді таңдаңыз

Пандемияға дейін белгілі бір күнге қайтарылмайтын тарифтер мен рейстер үнемдеудің сенімді әдісі болды. Бірақ 2021 жылы саяхаттау үшін бұл тәсіл жарамайды. Өйткені жоспарлар күтпеген жерден өзгереді. Бірақ осыған қарамастан  тиімді нұсқаларды табуға болады. Оның сыры - икемділікте. Ұшу немесе тұрғын үйлерді брондау кезінде Тапсырысты жою және өзгерту шарттары сияқты мол ұсыныстарды таңдаңыз. Сонда егер сапарды кейінге қалдыруға тура келсе, сіз ақша жоғалтпайсыз.

Ресми сапар шектеулерін бақылаңыз

2020 бізге ұлттық және аймақтық шекаралардың қаншалықты тез жабылатынын көрсетті. Сондықтан сапарды брондамас бұрын жергілікті биліктің, сіз тұратын және баратын жереңіздің веб-сайтындағы актуалды ұсыныстарды тексеріңіз. Екі жағынан да жасыл түс қажет. Жолға шығу күні келгенде әуежайдағы тоқтатылған рейске тап болмау үшін ережелердің, ресми шектеулердің жаңартылуын бақылап жүріңіз.

Транзит пен стоповерлерді ескере отырып жоспарлаңыз

Әр бағыттың транзиттік жолаушылар үшін өз ережелері бар. Кейбір әуежайларда саяхатшылар арнайы визалар мен карантиндік шектеулерсіз транзиттік аймақта еркін жүре алады. Басқаларында, керісінше, сізді карантинге жатқызуы  немесе стоповерлер мен лейоверлер мүлдем тыйым салуы мүмкін. Саяхатты брондау кезінде өзіңіздің жолыңыздағы барлық транзиттік нүктелердегі шектеулерді ескеріңіз. Егер сіз бір уақытта бірнеше елде демалуды жоспарласаңыз, бұл өте маңызды.

Кешенді туристік сақтандыруды ресімдеңіз

Медициналық сақтандыру қажеттілігі әрдайым қызу пікірталас тудырғанымен, 2021 жылдың жазғы және қысқы демалысын жоспарлау үшін оның маңыздылығын жоққа шығару мүмкін емес. Сақтандыруды жасамас бұрын ережелер мен шарттарды мұқият оқып шығыңыз. Көптеген сақтандыру компаниялары 2020 жылдың көктемінен бастап COVID-19 пандемиясы болып саналатын "белгілі оқиға" келтірген залалды өтемейді. Сақтандырудың белгілі бір жерлерге сапарларды ғана өтейтін түрлері бар. Бұл -  коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі төмен бағыт. Егер сапар тоқтатылса немесе сіз шетелде ауырып қалсаңыз, не нәрсеге арқа сүйеуге болатындығын нақты түсіну үшін кішкене мәтінге мұқият қараңыз.

Нағима Сахан

 

Пікірлер