Қарапайымдылығымен алғысқа бөленген абзал жан

2856
Adyrna.kz Telegram

Қарапайым адам қандай ортада болса да, өзінің болмысымен-ақ өзгелерден ерекшеленеді. Осындай қарапайымдылығымен танылған, жоғары білікті мамандарымыз көп-ақ. Осындай қасиетімен көпке үлгі бола білген, медицина саласында ұзақ жылдан бері еңбек ететін мамандардың бірі – Бағдат Орманов.

Бағдат Орманов – қатерлі дертке шалдыққан науқастарды емдейтін білікті дәрігер. Медицина маманы жиырма жылдан бері денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп келеді.

Б. Орманов қазір қалалық онкологиялық орталықта онкогинеколог дәрігері болып жұмыс істейді. Жатырдың қатерлі ісігі, гинекологиялық ауруға шалдыққан науқастардың өмірін аман алып қалу үшін дәрігер жылына 200-ден аса күрделі оталар жасайды.

Бағдат Намазбайұлы жоғары технологияларды қолдана отырып, ота жасауды толық меңгерген білікті маман. Дәрігер Корея Республикасында онкология және гинекологиядағы лапороскопиялық және эндоскопиялық хирургия бойынша біліктілігін арттырған.

Біліктілігімен қатар, өз ортасында қапарайымдылығымен сыйлы дәрігер халықтың алғысына бөленген абзал жан.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер