Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

2557
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер