Үндістан ғалымдары коронавирустың жаңа штамының ерекшеліктері туралы айтты, - деп хабарлайды India Today сайты.
Үндістан медициналық ғылымдар институтының директоры Рандип Гулерияның айтуынша, COVID-19-дың жаңа штамы өте жұқпалы.
Оны жұқтыру үшін науқас адамның жанынан бетпердесіз өту жеткілікті. Қауіпсіздік шараларын сақтау инфекцияның тарауын болдырмауға көмектеседі. Бірақ билік жаңа нұсқаның моноклоналды антиденелерге төзімділігі мен иммунитетті "айналып өту" қабілетіне алаңдап отыр.
"Үнді консорциумының мамандары SARS-CoV-2-ні геномикасы бойынша зерттейді ("дельта-плюс" штамы. - авт.ескерту.) және оған қарсы вакциналар қаншалықты тиімді екенін білеміз", - деді Гулерия.
Айта кетейік, коронавирустың үнді штамы (B. 1.617) наурызда анықталған. Кейін оның үш кіші түр бөлінді: B. 1.617.1, B. 1.617.2 және B. 1.617.3. Олар спайк ақуызындағы бірнеше мутациямен ерекшеленеді, соның арқасында патоген ағзаға енеді.
"Дельта" штамының мутациясы әлі жалғасып жатыр. Өткен аптаның соңында Махараштра штаты "дельта-плюс" штамы пайда болғанын хабарлады (B. 1.617.2.1). Ол S ақуызында k417n мутациясының болуымен ерекшеленеді.
Ол аурғандар мен вакцина алған адамдардың сарысуы мен антиденелерінің белсенділігін төмендетуі мүмкін. Жалпы Үндістанда "дельта-плюс" инфекциясының 22 жағдайы тіркелген.