Коронавирустың үнді штаммының белгілері қандай?

1851
Adyrna.kz Telegram

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин әуежайда өткен көшпелі жиын кезінде вирустың үнді штаммының симптомдары туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ол «дельта» штаммының алдыңғыларына қарағанда 60% жылдамырақ жұғатынын айтып өтті.

«Үнді штаммын жұқтырған жағдайда қалыпты штаммдардан өзгеше симптомдар байқалуы мүмкін. Мысалы, иіс сезу жоғалмауы және адам өзін салқын тиген кездегідей сезінуі мүмкін. Алайда жайсыз сезінген жағдайда бірден дәрігер шақыру керек. Себебі жаңа штамм тез асқынады және қауіпті. Сондықтан қала тұрғындары өз бетінше емделуді доғаруы керек», - деді Бекшин.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер