Мыңдаған адамның өмірін құтқаратындар қатарына тек «дәрігерлер мен өрт сөндірушілер» ғана кірмейді.
Келесі кейіпкеріміз - Джеймс Харрисон үнемі қан тапсырып, 2 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалған алтын адам...
13 жасында австралиялық бала Джеймс Харрисон күрделі хирургиялық операцияға тап болып, соның салдарынан үлкен мөлшерде қан жоғалтады. Сол сәтте Джеймске шамамен “13 литр донорлық қан құю қажет”, - деп мәлімдейді.
Дәл осы «донорлық қайырымдылықтың» арқасында Джеймс аман қалады. Операциядан кейін ол “шамам келгенше, үнемі қан тапсыратын боламын”,- деп өзіңе серт береді.
Уақыт өте келе Джеймс өз сертінде тұрды. Ол 18 жасынан бастап және осы күнге дейін 66 жыл ішінде үш апта сайын 400 мл қан тапсырды. Осы уақыт ішінде 84 жастағы донор 370 литрден астам қан тапсырыпты. Бұл жағдайда тағы бір нәрсе таң қалдырады.
Джеймс Харрисонның қаны ерекше қасиеттерге ие, өйткені оның плазмасында ана мен баланың резурс-факторлары арасындағы қақтығысты болдырмайтын жеткілікті күшті антиденелер бар екен. Антиденелер болмаса, мұндай Rh-қақтығыс балалардың өлімімен аяқталуы да ғажап емес, қауіпті қан аурулардың пайда болуына да әкелуі әбден мүмкін.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, Джеймс Харрисонның қаны 2 миллионнан астам нәрестені, соның ішінде Джеймстің туған қызын да өлімнен құтқарыпты. Сонымен қатар, Джеймс Харрисонның плазма негізінде ғалымдар бірнеше жүкті әйелге көмектесетін арнайы дәрі-дәрмек жасады.
Қазір Джеймс Харрисон қоғам ішінде «Алтын қолды адам» деген атпен танымал. Ерлігі үшін ол Австралия орденімен де марапатталды, дегенмен ешқандай марапат миллион құтқарылған отбасының алғысына тең келмейтіні айтпаса да түсінікті...
"Адырна" ұлттық порталы