Неткен күшті адам! Екі қолы мен екі аяғы жоқ миллионер

4555

ҚОЛ-АЯҒЫ ЖОҚ БАТЫЛ АДАМ ТУРАЛЫ ҒАЖАЙЫП ӨМІР ОҚИҒАСЫ...

Таныс болыңыздар – Ник Вуйчич. Дүние есігін қол-аяқсыз ашқан қайсар мінезді, өршіл рухты, әлемге әйгілі табысты ер-азамат.

Мен, осындай оқиғаларды бәрімізге, әсіресе, бостан-босқа күйініп, жұмыстағы мәселелерге, жақындарымен орын алған жанжалдарға және басқа да кішігірім жағдайларға байланысты жиі ренжіп, депрессияға ұшыраған дені сау адамдар үшін қайта-қайта оқу қажет деп ойлаймын...

Сонымен, Ник отбасында көптен күткен тұңғыш бала болды. Алайда, оны туғаннан кейін анасына көрсетуге бас тартты, тіпті медицина қызметкерлері де нәрестенің қолсыз және аяқсыз туғанына қатты таң қалған көрінеді...

Никтің сол аяғының орнына тек “табанға” ұқсас бірнәрсе бар еді. Осының арқасында Ник жүруді және жүзуді, жазу-сызуды, тіпті компьютерде ойнауды үйренді. Ол кәдімгі қарапайым австралиялық мектепке оқуға барған алғашқы мүгедек бала болды.

Әрине, балаға өзін осылай “қабылдау” қиынға соқты, тіпті ол сегіз жасында анасынан өзін суға батып кетуі үшін ваннаға апаруын өтінді. Бірақ, ол олай істемеді ... Ол ата-анасының оны қаншалықты жақсы көретінін және оларға бұлай жасай алмайтындығын елестетті. Бұл оның өзіне қол жұмсамақ болуының алғашқы және соңғы әрекеті еді.

Содан кейін ол өмірдің шын мәнін іздей бастады. «Неліктен, біз бұл өмірге келдік?» және «Бұл өмірдің мағынасы не?» деген сұрақтар барлық жасөспірімдерді мазалайтыны сөзсіз. Алайда, бұл «ерекше балаға» оларға жауап іздеудің қандай болғанын елестетіп көріңізші!

Он тоғыз жасында Ник университетте қаржылық жоспарлау бойынша оқи бастады. Бірде оған студенттер алдында сөз сөйлеу ұсынылды. Сөйлеудің алғашқы минуттарынан кейін залдағы барлық қыздар көздеріне жас алды... Никтің айтқан сөзі де, Никтің сыртқы келбеті де оларға айтарлықтай әсер қалдырды.

Сахнаға шыққан бойжеткен Никтің сөйлеген сөзі оның өмірін “өзгерткенін” мойындады, өйткені ешкім оған осы уақытқа дейін оны жақсы көретінін және оның өзі сияқты әдемі екенін айтқан емес.

Бүгінде Ник 1 жылдың тек екі айын ғана үйде өткізеді екен. Қалған уақыттары әлем бойынша мотивация беруге, адамдарды рухтандыруға жоспарланған. Қазір ол кәсіби спикер ретінде барлық жерде – түрмелер мен мектептерде, қарттар үйінде және стадиондарда сөз сөйлейді. Спикерді осы уақытқа дейін үш миллионнан астам адам естіген. Оның жеткен жетістігі қарапайым, сөздері түсінікті және ең маңыздысы, әр адамның жаны мен жүрегіне әсер етері сөзсіз...

«Өмірде сіз өзіңізді құлап бара жатқандай сезінетін қиын кездер болады, және қайта көтерілуге шамаңыз жетпейтіндей көрінеді... Сол кезде сіз, менде өзі үміт бар ма деп терең ойға батасыз... Менің қолым да, аяғым да жоқ! Меніңше, мен кем дегенде жүз рет көтерілуге тырыссам да, қолымнан келмейтін сияқты. Бірақ, кезекті жеңілістен кейін мен үмітімді үзбеймін. Мен, қайта-қайта тырысамын. Мен, сіздің «сәтсіздігіңіз» барлығының соңы емес екенін білгеніңізді қалаймын. Ең бастысы, сіз барлығын қалай «аяқтайтыныңызда». Сіз мықты болып, мәренің соныңа дейін жеткіңіз келеді ме? Демек, сіз көтерілуге қайта ​​күш таба аласыз!»

 

Зарина ӘШІРБЕК,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар