Қызылордада жоғалып кеткен 13 жасар қыз баланың мәйіті табылды

1131

Махамбетов селосында каналдан қыз баланың мәйіті шығарылды. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«202 жылдың 19 маусымында "112" кезекші-диспетчерлік пультіне 2008 жылғы қыз баланың үйден шығып оралмағандығы туралы хабар қалалық полиция басқармасынан келіп түсті. Қызылорда полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен волонтёрлер іздестіру жұмысын атқарды.  2021 жылы 20 маусымында сағат 13-тен 30 минут өткенде Қызылорда қаласы, Махамбетов ауылында Шіркейлі суару каналынан Жедел құтқару жасағының күшімен 2008 жылы туған жасөспірімнің мәйіті (киіммен) шығарылды»,— делінген хабарламада.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті (3 қызметкер, 11 құтқарушы, оның ішінде 2 кинологиялық есеп және 2 техника бірлігі, 3 су көлігі), Полиция департаментінен (180 қызметкер және 30 техника бірлігі, №5547 әскери бөлімі 100 адам 4 бірлік техника), 10 волонтёр шыққан.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы