Мексиканың жағажайында 8 жасар бүлдіршінді қолтырауын суға қарай тартып кетті

4575
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/4035da7244418076287dfa6dc2d7317b.jpg
Мексиканың курорттық қаласындағы жағажайда  қолтырауын 8 жасар балаға шабуыл жасады. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
Сенбі күні SIPSE басылымының хабарлауынша, бауырымен жорғалаушы кенеттен мангровтан шығып, 8 жасар балаға тап беріп, суға қарай тартып әкеткен. Жанталасқа түскен көпшілік баланы қолтырауыннан аузынан аяғын жұлып алып, құтқарып қалды. Бірақ 8 жасар бүлдіршін аяғынан айырылды.
Қонақ үй қызметкерлері оқиға орын алған жерге жедел қызмет тобын шақырды. Ауыр халде жас бала "Америкимед" ауруханасына жеткізілді. Бірақ дәрігерлер 8 жасар бүлдіршіннің аяғын сақтап қала алмады.
Өкінішті жағдай!
Балаларға абай болу керек!
"Адырна" ұлттық порталы 
Комментарии