Спутник V әзірлеушісі вакцинациядан кейінгі бедеулік қаупін бағалады

2747
Adyrna.kz Telegram

 Гамалей Александр Гинцбург атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Sputnik V коронавирусқа қарсы вакцинасы енгізілгеннен кейін болжамды бедеулік қаупіне баға берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Эволюциялық тұрғыдан да, қазіргі заманғы медицинаның жақын бақылаулары тұрғысынан да вакцина кері әсерін тигізбейді", - деді ол РИА Новостиге.

Оның айтуынша, Sputnik V вакцинасындағы «I компонент» және «II компонент» аденовирус 26 және аденовирус 5 негізінде жасалады, вакцина жасаушы атап өткендей, бұл екі вирус популяциясы адам бойында ұзақ уақыт бұрын пайда болған.

"Осы уақыт аралығында, адамзат саны 7,5 миллиардқа көбейді. Біздің денемізде кездесетін және біз ондаған рет өкпемізде әртүрлі дәрежеде жұқтырған осы екі вирус туралы ешкімде күдік болған емес. Бұндай екпе бұрындары адамдардың денсаулығына, я болмаса өзге де мүмкіндіктерін шектеген ба еді? Бұл ешқашан медициналық хаттамада кездеспеген",деді Александр Генцбург.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер