Біздің қоғамда мектеп директорының хатшысына дейін диктатор

3985
Adyrna.kz Telegram
Қазақтарда мектеп директорының хатшысына дейін диктатор. Құрылыста складчиктің көмекшісіне дейін диктатор. Анықтап қара, кеудесі кекірейіп, екі танауынан бу шығып тұрады.
Генподряд компанияда істейтін жап жас жігіттер бар, қоқырайған диктатор. Мынауың дұрыс емес деп көрші, басы бұтына жетіп, жоғарыға шағымданып, көктеніп, сазарып, қара тізімге алғызады. Күліп тұрып, пышақ салады.
Осыған қарап анализдеп көрсем, бізге кім келсе де диктатор болады. Диктатор болмаса, өзіміз жабылып, түтіп, тиранға айналдырамыз. Жалпы қоғамдық сана мен мәдениетті қалыптастырмай, біз диктаторлықтан құтылмаймыз. Өзіміз де диктатормыз, өзімізді басқаратындар да диктатор болады. Жуық арада қазақтар диктаторлардан құтылмайды. Әр адам өзін өзі сыйлап үйренбейінше, дұрыс қоғам қалыптастыру мүмкін емес. Бұған әлі талай куә боламыз.
Осы қоғамның кейпін айтсаң, сенен жаман адам жоқ.
Бізге ең кемі 50 жыл керек. Оның өзінде қоғамдық өркениетті сананы қалыптастыра алсақ. Қалыптастыра алмасақ, онда осы бойы кетеміз. Бұл қасиет бізді ешқашан да өсірмейді.
Біз осындаймыз, сондықтан бізді өзіміз сияқты адамдар басқарып отыр.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер