Әлеуметтік желіде «Қордайдағы құбыжық» туралы видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видеоны көптеген адам Instagram желісіндегі танымал топтарға жібере бастаған. Соның бірі @aqparat.kz парақшасында пайда болған. Видеода адам бойымен бірдей ит жолда жатқаны көрсетілген.
«Жігіттер, мына бәлені қараңдар. Ит екен деп қағып кеткенбіз. Қордай асуында қағып кеттік. Түсіп, барып қарайық десек, аяқ-қолы бар, бойы ұзын. Шок болып жатырмыз», - дейді видеодағы ер адам.Тағы бір топқа бұл видеоны мыңдаған адам жіберген екен.
«Бұл фейк, монтаж! Видеоға дауыс қоя салған. Қордайда ондай құбыжық жоқ. Сабыр сақтаңыздар, ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ!», - делінген жазбада.Бұл расымен фейк ақпарат. Видеоның түпнұсқасы португал тілінде жарияланған. Желіде тарап кеткен видео бразилиялық топ жасаған контенттің бөлігі ғана: сценарий бойынша, бір топ адам қауіпті жануарға кезігеді.