Әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

3338
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/5d4521d58a776.jpg
Оралда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өзін-өзі атып тастады, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. Қайғылы оқиға бүгін, 16 маусымда таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Бозбала жедел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Әскери бөлім басшылығының мәліметінше, жігіт өз-өзіне қол жұмсаған. Ол сол түні түзету мекемесінде күзетте болған. "Қарумен өз-өзін жаралады. Әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір әскери тергеу органдары тергеу жүргізуде. Әзірге басқа ақпарат бере алмаймыз", - деді 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов.
Марқұм – Ақтөбе өңірінің тумасы. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.    
Комментарии