Алексей ЦОЙ отставкаға кете ме?

3686
Adyrna.kz Telegram

Күзге дейін 10 миллион адамға вакцина салынбаса, Цой отставкаға кете ме? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрі өзі жауап қатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Кез келген үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты. Сол себепті біздің жұмысымызға қандай баға берілсе, сондай шешім қабылданады", - деді Цой баспасөз мәслихатында.

Вакцинациялану әр қазақстандыққа тікелей байланысты екенін министр баса айтты.

"Вакцина салу – ерікті дүние, сол себепті біз ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Тек түсіндіру жұмысын жүргіземіз, БАҚ өкілдерінен де ақпараттық қолдау көрсетуді сұраймыз", - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы. 

 

 

Пікірлер