Ойын кезінде есінен танған футболшының қазіргі халі белгілі болды

2484

«Интер» мен Данияның жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен жанкүйерлеріне әлеуметтік желіде алғыс білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Бәріңе сәлем! Бүкіл әлемнен қолдауға толы және таңғажайып құттықтауларыңыз бен хабарламаларыңыз үшін көп рахмет. Бұл мен үшін және менің отбасым үшін көп нәрсеге татиды.

Болған жағдайға қарамастан, қазір халім жақсы. Мен әлі ауруханада толық тексеруден өтпедім, бірақ өзімді жақсы сезінемін.

Енді мен келесі матчтарда Дания құрамасының жігіттері үшін қолдау білдіретін боламын", деп жазды Эриксен өз инстаграмында.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Christian Eriksen (@chriseriksen8)

Естеріңізге сала кетейік, Еуро - 2020 Чемпионатында Дания - Финляндия матчының бірінші таймының соңында, Эриксен серіктесі допты сыртқа шығарған сәтте есінен танып қалған болатын. Дәрігерлер шұғыл түрде алаңға келіп, ойыншыға қайта тірілту амалдарын жасай бастады. 10 минуттан астам уақыттан кейін оны Дания құрамасының ойыншыларымен бірге алаңнан алып шықты. Кейінірек белгілі болғандай, Кристиан жүрек ұстамасынан аман қалған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар