Қасапшының үйінен 17 адамның сүйегі табылды

3453

Мехико қаласының құқық қорғау органдарының қызметкерлері кісі өлтіру ісі бойынша күдікке ілінген бұрынғы қасапшының үйінен кем дегенде 17 адамға тиесілі 3,5 мыңнан астам сүйек фрагменттерін тапты. Бұл туралы 13 маусымда ABS NEWS жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қылмыскер айғақтардан арылу үшін сүйектерді кішкене бөліктерге бөліп, үйінің еденінің астына жасырған.

"Талдау нәтижелері көрсеткендей, табылған сүйек фрагменттері 17 адамға тиесілі болуы мүмкін", — деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, ер адам полиция қызметкерінің әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Қазіргі таңда мамандар учаскенің бүкіл жерін зерттеуді жоспарлап отыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы