Ресейдің үрейі: АҚШ жаңа бомбалаушы ұшағын таныстырды

2927

Америка Құрама Штаттары Northrop Grumman B-21 Raider бомбалаушы ұшақтарын жасады. Бұл жаңа буын ұшақтарынан екі данасы жасалып, сынаққа дайындалу үстінде. 

АҚШ әскери-әуе күштері жаңа ұшақтарды сынауға дайындалып жатыр. В-21 бірінші ұшу сынағы 2021 жылдың ортасында болуы керек. "B-21 ұшағын жеткізу бағдарламасының қарқыны, сайып келгенде, АҚШ әскери-әуе күштерінің болашақта тек B-21 ұшақтарынан тұратын бомбалаушылар санын 157 ұшақтан 225-ке дейін көбейту жоспарын бұзуы мүмкін", - дейді сарапшылар. Себебі ұшақты жасау қарқынына пандемия әсер етуде.

Сонымен бірге B-1 және B-2 Spirit бомбалаушылары біртіндеп пайдаланудан шығарылады, B-52 ұшақтары едәуір модернизацияланатын болады.

B-21 ұшақтары АҚШ әуе күштері қолбасшылығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұшақ өндірісін жеделдету туралы шешімдер қабылданған кезде қызметке кіріседі. Жаңа ұшақты сарапшылар "Мәскеудің үрейіне" айналады деп атауда. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар