Баламалы энергия көздерінің артықшылығы мен кемшілігі

25120
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көздерінен алынды
фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Энергия  адамзат өмір сүру дағдысының ажырамас бөлшегіне айналғалы қашан?! Оған деген қажеттіліктің қарқыны күн санап қарыштап келеді. Технологиялар төңкерісіндегі бұл ғасыр энергияға тәуелділікті тіпті арттырып жіберді. Түрлі гаджеттер, цифрлық құрал-жабдықтар, тұрмыстық техниканың тоқтаусыз қызмет атқаруы энергияға тікелей байлаулы. Бүгінде басым қолданыстағы дәстүрлі энергия таратушы мұнай, газ, көмір сарқылытын қазба байлық қатарында. Ал жер шарын мекен етуші тұрғындарды бұл фактор алаңдатпай қоймайды. Сондықтан соңғы жылдары адамзаттың алдында альтернативті энергия көзін қолданысқа енгізу мәселесі актуальді күйге ауысты.

Дәстүрлі энергияны қолданудағы өзекті проблеманың келесі бөлігі – экологиялық жағымсыз жағдайлардың орнатуымен түсіндіріледі. Оларды пайдаланғаннан кейінгі қалдықтар экологиялық баланстың бұзылуына әкеліп соғады. Соңғы он жылдықтағы ауа-райының құбылуы, мәселен көктемнің ортасында жауған қар, урагандар мен торнадоның бас көтеруі - сөзімізге дәлелді дәйек. Аталған темпті төмендетудің жалғыз жолы – табиғи түрде алынатын баламалы энергия көздерін көбейту. Баламалы энергетика тізімін күн, су, жел, биогаз қуаты толықтырады. Заманауи жаңа энергия көздерінің артықшылғы мен кемшін тұсын бірге сараптайық.

Күн энергиясы – арнайы электр станцияларын жабдықтау арқылы күн сәулеснен өндірілетін қуат. Күн энергиясын пайдаланудың негізгі артықшылығы қоршаған ортаға залал келтіретін зиянды шығарындылардың атмосфераға бөлінбеуі. Сонымен бірге күн қуаты ортаймайтын жаратылыс құдіреті. Ал айтарлықтай кемшін тұсы тәулік ішінде алынған қуаттың біркелкі көлеміне кепілдік жоқ. Түн бұлтты, күн жаңбырлы болса, электр қуатын өңдеу жүзеге аспайды.

Гидроэнергетика (судан алынатын энергия түрі). Жаһан жұрты энергия алудың бұл түрін бұрынырақ іске қосты. Судан қуат өндіру үшін өзендерге арнайы генераторлар орнатылады. Судың қатты ағыны мен тоқындардың күші знергия бөледі. Гидроэнергетиканың артықшылғы – экологиялық тазалығы болса, минусы – судан энергия өндіруге атсалысатын құрал-жабдық құнының қолжетімсіздігі.

Жел энергиясы. Жел бөлетін баламалы энергияның бұл түрі ежелден қолданысқа ие екенін жел диірмендерінен білеміз. Оның заманауи прототипі – жел электр станциясының жабдықталуы. Бір желіге бекітілген бірнеше  жел генераторлары жел электр станциясын құрайды. Қуат алудың бұл түрі адамзат қалтасына жүк түсірмейтін қолжетімді альтернативті энергия саналады. Оның басты кемшілігі – трубиналар шығаратын шулы дауыс пен бірге құстардың генератор жүзіне жиі ілігуі.

Биогаз – энергия өндіру ісінде болашағы жарқын перспективті баламалы қуаттың бірегейі. Биогаз табиғи өсімдік материалдарын ашыту нәтижесінде алынады. Оның қуаты жылыту жұмысына да пайдаланылады. Әлемдік аренада аталған энергия көзін өңдеу трендке айналды десек артық болмас. Қолдану деңгейіне қарай күн және жел энергиясынан кейін үштікті түйіндейді.

Жоғарыда айтылған альтернативті жаңа энергия түрлерін тұтас актив қолданысқа кіріктіру - адамзат алдындағы абыройлы міндет, ұрпақ алдындағы борыш.

Дана Жобалаева

Пікірлер