Маңғыстау облысында өлі қабылан табылды

3555
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында өлі қабылан табылды. Оның видеосын экобелсенді Сәкен Ділдахмет Instagram-да жариялады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"2021 жылдың 9 маусымында әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысындағы өлі қабылан туралы ақпарат пайда болды. Бұл осы аймақтағы екінші жағдай", - деп жазды Ділдахмет.

Оның айтуынша, 2015 жылы Жаңаөзенде жергілікті тұрғындар бір қабыланды өлтірген. Осы оқиғадан кейін 2018 жылы тағы бір қабылан Үстірт қорығының аумағына кіргені тіркелді. Алайда ол да өлді.

"Өкінішке қарай, бұл Маңғыстау облысындағы екінші дерек. Аң адам қолынан өлсе, онда құқық қорғау органдары кінәлі адамның кім екенін анықтау үшін барлық шараны қабылдауы керек", - деді ол.

Айта кетейік, 2021 жылы қабылан (алдыңғы азиялық түрі) Қазақстанның Қызыл кітабына енді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер