Велосипедпен Бекет атаның басына бара жатыр

4374
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбелік Ертарғын Мұқанбетқалиев велосипедпен Бекет атаның басына бара жатыр деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Бұл — оның екінші сапары. Бұған дейін ол осыдан бес бұрын велосипедпен Бекет атаның басына барып, зиярат етіп қайтқан.

Ертарғын Мұқанбетқалиев биылғы сапарын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаған.  Биылғы жылы зейнетке шығатын ақсақал жасына қарамастан, қос дөңгелекті көлігімен алыс сапарға аттанды. Мақсаты — Бекет атаның басына бару және Қазақстанды аралап шығу.

Қазір Шопанатаның басына бір қонып, Шақпақты жерінде жүрген ол бүгінге дейін 2 мың шақырым жол жүріп тастаған.  Маңғыстау даласын аралап, Адай атаның басына соғып,  Форт-Шевченкоға барған.

Ертарғын Мұқанбетқалиев күніне 150-180 шақырымға дейін жүреді екен. Кейде ауа райы бұзылса, 30-40 шақырым жүріп, тоқтайды.

Ең бастысы, ол жолай кездескен көліктерге мінбейді, өз еңбегімен жеткенді жөн көреді.

Ұзын жолдың бойындағы дәмханаларға түнеймін. Олар кейде дәмдерін тегін ұсынады. Кейде танымаса да үйлеріне апарып қонақ қылады. Кеш қалсам далада шай қайнатып ішемін. Көлігім бұзылса, өзім жөндеп аламын. Барлық құралдарым бар. Жолым болып, Бекет атаға аман-есен жетсем, арманым жоқ, — дейді Е.Мұқанбетқалиев.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер