Баласын абайсызда түсіріп алған әйел 30 жылға түрмеге қамалған

1227

Сальвадорда абайсызда құрсағында баласын өлтіріп алған Сара Рогел есімді әйел 30 жылға түрмеге қамалған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сара Рогель 2012 жылы киім жуып жүріп, аяғы тайып, құлап кеткен көрінеді. Салдарынан оның құрсағындағы бала шетінеп кеткен.

Көп қан жоғалтқан келіншек ауруханаға түседі. Сараптама нәтижесінде баланың басына зақым келгені анықталған. Мамандар баланың абайсызда шетінеп кеткеніне сенбей, Сараға қасақана сәбиін өлтірді деген айып тағылады. Артынша судья кінәлі деп тауып, 30 жылға бас бостандығынан айырған.

Жақында 10 жылын түрмеде өткізген келіншекті судья мерзімнен бұрын босату туралы шешім қабылдапты. Десек те оның үкіміне прокурор қарсы шығып, апелляцияға беретінін мәлімдеген.

«Біз оны 10 жыл бойы күттік, қызымызды көрмей 10 жыл өмір сүрдік», - деді Сараның әкесі Анхель Роглеь.

Айта кетейік, Сальводар абортқа қатысты ең қатал жаза қарастырылған мемлекет. Бұл елде аборт жасауға тыйым салынған, ал әлі тумаған баланы өлтіру ауыр қылмыс болып есептеледі. Қазіргі таңда мемлекеттік мұндай қатал заңдарына БҰҰ сынды халықаралық ұйымдар қарсылық білдіруде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы