NASA мен Илона Масктың SpaceX компаниясының мамандары бірлесе отырып, ғарышқа кальмарларды жіберетін болды. Кальмардың көмегімен ғалымдар ғарышкерлердің Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС-да) жұмыс жасауын одан ары жақсартуға мүмкіндіктер туады деп шешті.
3 шілдеде SpaceX-тің Falcon 9 зымыраны орбитаға шығады. Зымыран тасымалдаушы ХҒС-қа ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған құнды жүкті жеткізеді.
Хабарламада айтылғандай, ғарыш станциясына шығарылатын жүктің ішінде қараңғыда жарық болып көрінетін 5 мың (су аюлары) және 128 кальмар-бобтайл болады. Миссияның басты мақсаты - баяу жүретін тіршілік иелерінің ғарыштағы стресстік ортаға төззімділігін зерттеу болмақ.
Сондай-ақ, ғалымдар гравитация жоқ кеңістіктің кальмар мен Vibrio fischeri микробтарына әсер ету эффектісі қандай болатынын анықтамақ. Алынған мәліметтердің көмегімен мамандар ХҒС-да адамдардың да жұмыс жасауына жақсы жағдай қалыптастырмақ.
Айта кету керек, осы аталған жануарлар төтенше жағдайларда да өмір сүру қабілеті жоғары болуымен белгілі. Ғалымдар кальмарлардың өте жоғары қысым мен деформацияны жеңіп, өмір сүре алатынын анықтаған. Сондықтан да осы жануарлар эксперимент жүргізу ретінде таңдалып алынған.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы